Rakhimbayev Headshot Giving Pledge

Aidyn and Anar Rakhimbayev

Central Asia

Pledged in

2026

Capital is not an end - it is a tool. Its true value is determined by the impact it creates in changing lives and advancing society."

Pledge letter

«Giving Pledge» – «Жомарттық анты» бастамасына қосылу туралы хат

Анар екеуміз үшін әлемнің ең танымал филантроптар қауымдастығына қосылу – үлкен мәртебе мен жауапкершілік. «Giving Pledge» – «Жомарттық анты» бастамасына қолдау көрсету туралы шешім – біздің отбасылық құндылықтармыз бен көптеген жылдар бойы атқарып келе жатқан істеріміздің заңды жалғасы деп білеміз. Осы хат арқылы біз осы күнге дейін жиғанымыздың жартысынан көбін көзіміздің тірісінде, қайырымдылыққа, қоғамның игілігіне жұмсайтынымызды бүкпесіз жария етеміз.

Жұбайым екеуміз де шағын ауылдан, қарапайым отбасынан шыққанбыз. Саналы ғұмырымызды адал еңбекпен капитал жинауға арнадық. Алайда, уақыт өте келе дәулет – өмірдің басты құндылығы емес, ол тек ізгілік жолындағы құрал ғана екенін түсіндік. Оның шынайы құны – сан алуан тағдырға араша түсіп, қоғамға тигізер пайдамен өлшенеді.

Бүгінгі жетістігіміз – қажырлы еңбек пен білімге деген құштарлықтың, сондай-ақ мызғымас сенімнің жемісі. Біздің жолымыз болды. Отбасымыз бізге күш-жігер берсе, Отанымыз үлкен мүмкіндіктер сыйлады, ал халқымыз адал сенімін артты. Міне, осының бәрі біздің берекеміз бен әл-ауқатымыздың берік іргетасының негізі. Сондықтан біз мұқтаж жандарға қол ұшын созуды – қоғам алдындағы перзенттік парызымыз, «елдің несібесін елге қайтару» деп білеміз. Бұл – біздің саналы таңдауымыз және осы көмегіміз арқылы көптеген баланың жарқын болашағына септігімізді тигізетінімізге кәміл сенеміз.

Көп жылдан бері Орталық Азиядағы ниеттес кәсіпкерлермен жұмыла , «Ана үйі» жобасын өркендету арқылы мыңдаған бүлдіршінді жетімдік тауқыметінен құтқарып келеміз.

«IQanat» жобасы арқылы ауыл балаларының білім шыңына шығуына жол аштық. Бір баланың тағдырын өзгерту – тұтас бір әлемді құтқарумен тең екеніне көзіміз жетті. Бұл жобалардың айналасына жүздеген кәсіпкердің топтасуы бізге ерекше жігер сыйлайды.

Халқымызда «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген дана сөз бар. Оқуға ұмтылған, алайда сапалы білім алуға мүмкіндігі шектеулі мыңдаған ауыл баласына IQanat жобасы арқылы үздік әрі жан-жақты білім алуға жол аштық. Біз бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, олардың арманына қанат бітіргенде, тағдырларының қалайша ғажайып түрде өзгергеніне өз көзімізбен куә болып жүрміз.

Ортақ мұрат жолында біріккен жүздеген кәсіпкердің бұл қолдауы – бізге ерекше жігер мен шабыт беріп, бұдан да ауқымды бастамаларды қолға алуға үндейді.

Сонымен қатар, BI Group-тағы әріптестерімізбен бірге көптеген жылдар бойы әлемнің ең озық дәрігерлерін шақыртып, көмекке мұқтаж балаларға жүздеген күрделі ота жасауды ұйымдастырып келеміз. Әрбір құтқарылған өмір – біз үшін үлкен жеңіс. Біз балалардың денсаулығы мен жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуді жалғастыра береміз.

Giving Pledge – «Жомарттық анты» қосыла отырып, біз келесі биік мақсаттарды көздейміз:

1. Жақсылықты еселеу және жаһандық ықпалдастық:

«Giving Pledge» қатысушыларының халықаралық сараптамасы мен озық тәжірибесін біздің отандық жобаларға бейімдеу. Осылайша, жергілікті бастамаларымыз бен жаһандықбілімді ұштастыра отырып, әлеуметтік түйткілдердің шешімін табуға және игі істердің ауқымын жаңа деңгейге көтеру.

2. Дүние емес, даңғыл жол қалдыру:

Ұрпаққа қалдырар ең асыл қазына – материалдық байлық емес, кемел қоғам мен шексіз мүмкіндіктер екеніне сенеміз. Біздің мұрамыз – жүздеген жылдар бойы ел игілігіне қызмет ететін білім мен парасат мектебі болмақ.

3. Бөлісе білу мәдениетін қалыптастыру:

Жеке үлгі-өнегеміз арқылы іскер ортаны қайырымдылықты өмірлік қағида етіп ұстануға шақыру және азаматтық борышты риясыз көңілмен атқарудың озық мәдениетін баулу.

Мен қазір ердің жасы – елуден асқан шақтамын. Осы уақытқа дейін жұбайым Анар әрқашан тірегім әрі сенімді серігім болды. Бүгінгі капиталымыз – отыз жылдық қажырлы еңбектің, BI Group ұжымының бірлігі мен жақындарымыздың ақ адал қолдауының жемісі.

Осы ант арқылы біздің ісіміз жаңа мәнге ие болды: бизнесіміз гүлденген сайын, өміріміздің екінші жартысында жасалар жақсылықтың да ауқымы кеңейе түспек. Балаларымыз да бұл шешімімізді зор ықыласпен қолдап, осы жомарттық жолын жалғастыруды жөн көрді.

Біз ізгі істер жолында тек қаржымызды ғана емес, уақытымызды, қайратымыз бен білімімізді сарп етуге дайынбыз. Біздің бұл ұстанымымыз – терең пайым мен жауапкершілікке негізделеді. Біз бүкіл саналы ғұмырымызды келер ұрпақтың кемел болашағына арнаймыз

Ізгі ниетпен және игілікке деген сеніммен,

Айдын және Анар Рахымбаевтар

It is a great honor for Anar and me to join the distinguished community of philanthropists. Our decision to support the Giving Pledge is a natural extension of the values we hold dear and the causes to which we have devoted many years. With this letter, we declare our commitment to give more than half of our wealth to charity during our lifetimes.

My wife and I were both born and raised in families of very modest means, in small villages. For as long as we can remember, we have worked tirelessly to build our capital, and over time we came to an important realization: capital is not an end – it is a tool. Its true value is determined by the impact it creates in changing lives and advancing society.

Our success is largely the result of diligence, education, and faith – and we have also been deeply fortunate: our family gave us strength, our country gave us opportunities, and our society gave us trust, all of which became the foundation of our prosperity. That is why we consider it our duty to give back to society by supporting those who need it most. We do this with clear purpose, knowing our support can change more children’s lives.

For many years now, together with like-minded entrepreneurs from across Central Asia, we have been saving thousands of children from orphanhood by building the “Mother’s House” network. We help thousands of rural children gain access to world-class education through the IQanat project. We have seen with our own eyes how access to opportunity can transform lives in extraordinary ways.

Today, hundreds of entrepreneurs are already involved in these projects, united by a shared mission – and this inspires us to do even more.

For many years, together with our colleagues at BI Group, we have also been organizing and funding hundreds of highly complex surgeries for children in need, saving lives with the help of exceptional doctors from around the world.

By joining the Giving Pledge, we commit to three things:

  1. Scaling good: combining the international experience of Giving Pledge members with our local initiatives to tackle global social challenges.
  2. Creating opportunities: the best thing we can do for our children is to change the world around them – to leave not an inheritance, but a legacy. A legacy of knowledge and opportunity that will endure for decades and centuries to come.
  3. A culture of giving: to lead by example and inspire as many members of the business community as possible to embrace conscious philanthropy.

I am now 53 years old. My wife has always been by my side, supporting me in every endeavor. The wealth we have today is the result of 30 years of joint work alongside our incredibly strong BI Group team and the support of those closest to us. By joining the Giving Pledge, we find even more meaning in growing our business, because it gives us the opportunity to do even more good in the second half of our lives.

And we believe that our children will carry this forward, as they have embraced our Giving Pledge. We are ready to invest in good causes not only our finances, but also our personal time, energy, and knowledge. Our approach to philanthropy will be thoughtful and responsible. We will devote our lives to ensuring that future generations are given as many opportunities as possible.

With faith in goodness,
Aidyn and Anar Rakhimbayev